Қош келдің, әз Наурыз!
«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.
Сіздерді көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт.
Наурыз әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ сыйласын!
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бақыт, жақсылық және береке-бірлік тілейміз!
В школе состоялось праздничное мероприятие, посвящённое празднику Наурыз.




